“ZOOM” бағдарламасы арқылы онлайн режимінде біліктілікті арттыру бойынша сабақ болып өтті

image_pdfimage_print

“Әкімшіліктік және ақпараттық технология Институты” Қазақстан Республикасы Президентінің Архивімен бірлесе отырып, архив құжаттары мен құжатайналымының негізгі сұрақтары бойынша қысқа мерзімді ай сайын болатын курстарды жоспарлаған.
Үстіміздегі жылдың 23-24 маусым күндері, “ZOOM” бағдарламасы арқылы онлайн режимінде біліктілікті арттыру бойынша сабақ болып өтті. Онлайн оқудың күн тәртібінде аудиовизуалды архивтік құжаттарды алу, құндылық сараптамасы, сақтауды және сақтауды пайдалануды, мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, электрондық архив құру және т.б мәселелер қаралды.
Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің басшысының орынбасары Айгүл Ибрагимқызы Тыныбекова аталмыш шараға қатысты.

You may also like...