ЖЫЛ ШЕЖІРЕСІ-2019
Жамбыл облысының мемлекеттік архиві өңіріміздің экономикалық-әлеуметтік тыныс-тіршілігі туралы жылнама-шежіресін жазуды жалғастыруда. 2012 жылдан бастап әр жылдың шежіресі жеке кітап болып шығып келеді. Енді, міне, жақсы істің жалғасы ретінде «Жыл шежіресі: 2019» атты кітапшаны оқырманға ұсынып отыр. Әр жылдың ерекшілігі, айтулы күндері болады. 2019 жылда да ел есінде қалған оқиғалар мен жаңалықтар болды. Кітапта айтылатын оқиғалар қысқа әрі нақты берілген.
Деректер мен дәйектер тарихшыларға, деректанушыларға, ғалымдар мен студенттерге, өлкетанушыларға, жылнамашыларға пайдалы дерек көзі болатындығы анық.