ЖЕРДІҢ АТЫ – ТАРИХТЫҢ ХАТЫ

Жақында Тараз инновациялық -гуманитарлық университетінің мәжіліс залында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті мен «KAINAR» кәсіби дайындықтың жоғры мектебінің» ұйымдастыруымен «Ақмола, Жамбыл облыстарының топонимдері» атты республикалық ғылыми-практикалық семинар болып өтті. Оған Жамбыл облысының мемлекеттік архиві мен өңіріміздегі барлық қалалық және аудандық архивтердің директорлары қатысты.

Семинарға Еуразия гуманитарлық институтының профессоры, филология ғылымдарының докторы Гүлнар Бекенова модератолрлық етіп, жүргізіп отырды.

Семинарды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Күміс Сейітова кіріспе сөзбен ашты. Одан кейін М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің прпофессоры, филология ғылымдарының кандидаты Зиба Құлманова «Тарихи-диахрондық әдісті қолдану арқылы ономастикалық атауларды жүйелендіру қызметі: Жамбыл облысының топонимдірі», Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сәуле Иманбердиева «Жамбыл облысы өзен атауларындағы биопотамонимдер», Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, география ғылымдарының докторы Қуат Сапаров «Топонимикадағы картография мәселесі (Ақмола, Жамбыл облыстары бойынша)», Еуразия гуманитарлық институтының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Гүлнар Бекенова «Ақмола облысы топонимдерінің өзгеру динамикасы», география магистрі Ирина Бекзатқызы «Ақмола облысының ономастикалық атауларын тарихи диахронолгоиялық зерттеу нәтижелері» деген тақырыптарда мазмұнды баяндама жасады.

Семинарға қатысушылар өзара пікір алмасып, сұрақтар қою кезінде «Жамбыл облысының мемлекттік архиві» КММ директоры Көсемәлі Сәттібайұлы көтерілген мәселеге орай Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы Степное деген жер-су атауы тарихының  белгісіз екенін, оны жергілікті тұрғындар қоймағанын, сондықтан алдағы уақытта ол жерге сол өңірдің жер-су атауларына лайықты ат қойып, картаға енгізу керектігін ұсынды.