«ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС-ҚОҒАМ МІНДЕТІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

image_pdfimage_print
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жемқорлыққа қарсы күрес-қоғам міндеті» атты тақырыпта дөнгелек үстел өткізілді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің жетекші маманы- Ажибаев Айбек архив қызметкерлеріне жемқорлықпен күресудің жолдарын түсіндірді.
Жемқорлық орын алған жағдайда заң органдарына хабарлап, тиісті инструкция бойынша әрекет етудің жолын айтып, мемлекеттік қызметкерлер арасында пара бергенде және оны алғанда қатаң жазаға тартылатындығын еске салды. жемқорлық жөнінде слайд көрсетілді.

You may also like...