ЖАУЫНГЕРЛЕР ТАЛАС ПЕН ШУДЫҢ ЖАҒАСЫНДА ЕМДЕЛДІ
Соғыс басталған айдың алғашқы күндерінде-ақ Жамбыл облысында 300 төсектік әскери госпиталь жасақтау және 1500 төсектік госпитальды көшіріп әкелу қарастырылған болатын. Алайда жағдай бұл өзгертті. Соғыстың алғашқы жылында 360 орындық әскери госпиталь жасақталып, 4 госпиталь көшіріліп әкелінді. Ростов қаласынан 3, Лубенска қаласынан 1 госпиталь жеткізілді. Оларда алғашқы кездің өзінде 1832 адам емделді.
Жамбыл жерінде жасақталған госпиталь Жамбыл станциясының темір жол клубында орналасты. Ал, Ростов қаласынан көшіріліп әкелінген госпитальдар Жамбыл қаласындағы қонақ үй мен балалар санаториясында, қант зауытының кеңсесі мен клубында және Меркі ауылындағы қант зауытының кеңселерінде орналасты. Лубенскадан көшірілген госпиталь Шу станциясының теміржол клубы мен мектебіне жайғасты.
Әрбір соғыс мүгедегінің жаны қиналмауы, сары уайымға салынбауы үшін оларға жиі-жиі концерттер көрсетіліп, Талас пен Шу аңғарларын серуендетілді. Барлық әскери госпитальдар шефтік қамқорлыққа алынды. Колхозшылар ешкімге жар салмай-ақ әскери госпитальдарға алғашқы 1 айдың өзінде 16 ұсақ, 2 ірі қара мал, 18 центнер қант жеткізген.
Госпитальдарда емделіп, өмірге қайта жолдама алғандар кейін баспасөз арқылы Жамбыл жұртшылығына шексіз алғыстарын айтып, бастарын иетіндерін жеткізгені туралы да мағлұматтар бар. Адамның күні адаммен екенін ешқашанда ұмыта алмайтындығын олар тебірене, толғана айтады. Олар тән жарасын жаза алмасада жан шуағы мол болғанын еске алады. Күндер өткен сайын сол бір кездің ауыртпалығын елдің ұмыта бастағанын жақсы білеміз. Сондықтанда халқымыздың өзгенің ауыртпалығын көтеріп, оны жеңілдетуге күш-жігерін аямағанын әркез еске салып отыруда қажеттілік.