ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ

Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің архив қорында өңіріміздің тарихына қатысты құнды құжаттар сақтаулы. Сол құжаттарды жарыққа шығарып, көпшілік оқырманға жеткізу архив қызметкерлерінің жұмысы.
Жас зерттеушілерді архив құжаттарын пайдалана отырып, өңіріміздің тарихын зерттеуге тарту, архив құжаттарын насихаттау және архив саласының имиджін арттыру, «архивист» мамандығының маңыздылығын, әрі өскелең ұрпақты ғылыми –зерттеу жұмыстарына тарту басты мақсат саналады.
Осы ретте архив құжаттарын зерделеп, зерттеп жүрген жас ғылым өкілдері жетекшілерімен бірге облыстық архивте бас қосты.
Атап айтқанда, Тараз қаласындағы Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының 10 «ә» сынып оқушысы Бекенова Жанерке өзінің жетекшісі Шартықбаева Гаухар Кеулимжановнамен бірге «Жамбылдық жауынгерлердің еленбей қалған ерліктері» атты тақырыпта ғылыми жұмысын жасап, республика деңгейіне шықты.
Сонымен қатар, тарихшы, өлкетанушы, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Күзембай Байбосыновтың өмір жолы мен атқарған қызметі туралы зерттеп жүрген М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Тарих» кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі Көбесова Ақнұр Смаилқызы «К.Байбосыновтың өмірі мен шығармашылығы» атты тақырыпта жазылған мақаласы республикалық журналға жарық көрді.
Дөңгелек үстел басында К.Байбосыновтың шығармашылығына тоқталып, студенттерге еңбегі, архивтен алған ақпараттары туралы өз ойымен бөлісті.
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының 10 «ә» сынып оқушысы Бекенова Жанерке өз сөзінде:
– «Ғылыми жобамның мақсаты архив деректеріне сүйене отырып, Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылса да иеленбей қалған жамбылдық жауынгердің ерліктерін жан-жақты зерттеу, жерлестеріміздің ерліктерін насихаттау болып табылады» – деді.
Зерттеудің деректік негізін ғылыми жоба жазу барысында ең бірінші Жамбыл облыстық архив құжаттарына, мұндағы Жамбыл облыстық партия комитетінің және Ресей Федерациясының Қорғаныс Министрлігінің Орталық архивінің «Халық жады» атты сайтына сүйенген. Жас зерттеушіге жетекшісі мен қатар архив қызметкерлері де өз ақпараттары мен бағыт-бағдарларын ұсына отырып, жан-жақты көмек берді.
Іс-шарада өлкетанушы, зерттеуші К.Байбосыновтан тәлім алған, бүгінде Тараз қаласы мемлекеттік архивінің директоры Серікбаев Нұрхат Тіріболсынұлы да қатысып, ұстазы мен археология саласы жөнінде естеліктерімен бөлісті.