«ЖАПЫРАҚ – ЖАЗДЫҢ ЖҮРЕГІ» АТТЫ ӘДЕБИ ЖЫР КЕШІНЕ АРНАЛҒАН КӨРМЕ

image_pdfimage_print
«ЖАПЫРАҚ – ЖАЗДЫҢ ЖҮРЕГІ» АТТЫ ӘДЕБИ ЖЫР КЕШІНЕ АРНАЛҒАН КӨРМЕ
Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Күләш Ахметованың
75 жас мерейтойына арналған «ЖАПЫРАҚ – ЖАЗДЫҢ ЖҮРЕГІ»
атты әдеби-сазды жыр кеші Руханият орталығында өтті.
Іс-шараға Жамбыл облысы мемлекеттік архиві тарапынан архив қорында сақтаулы “Жамбылдық ақын-жазушылардың жеке тектік құжаттары” топтамасындағы Күләш Ахметованың жеке тектік құжаттарынан көрме жасалынып, көрермен назарына ұсынылды.
Ақынның жары Қайырбек ағамыз өткен шақтарын еске алып, мекеме басшысы К.Сәттібайұлына алғысын білдірді.
Көрмеде К.Ахметованың өмірбаяны, Кенен Әзірбаев, Д.А.Қонаев, Ф.Оңғарсынова, Елбасымыз Н.Назарбаев, қазақ және орыс жазушыларымен бірге түскен суреттері, марапаттаулары мен басылым беттеріне шыққан мақалалары, кітаптары қойылды.

You may also like...