Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің қағаз негізіндегі құжаттардың физикалық жай-күйін анықтау
Жамбыл облысының мемлекетік архивінің Архив қорларын сақтауды қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында олардың физикалық жай-күйін анықтау жұмысын жоспарланып істелетін және ұзақ уақыт пен үздіксіз еңбекті талап ететін жұмыс.
Құжаттардың сақталуын қамтамасыз етудің негізгі міндеті –құжаттардың материалдық объект ретінде сақтау.Ал құжаттарды тиімді сақтаудың негізгі міндеті-құжаттарды зақымдайтын факторларды мүмкіндігінше төмендету,ескіру жылдамдығын азайту,құжаттардың өміршендігін ұзартуды қамтамасыз ету болып табылады7
Архив ісінің тәжірбиесі көрсеткендей өңдеу мен қалпына келтіру арқылы сақтап қалуды қажет ететін құжаттар уақыт өткен сайын көбейе туседі.Себебі,құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мүмкіндігіне қарағанда олардың зақымдануына әкеліп соқтыратын факторлар да барған сайын артып келеді.
Құжаттарды зақымдайтын бірнеше факторлар бар. Олар:жарық,температура мен ауаның ылғалдылығы,биологиялық зиянкестер,механикалық зақымдану және т.б
Құжаттардың физикалық жай-күйін анықтау кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Онда қорлардың санатына,көлеміне және жалпы жағдайына мән беріледі
Жамбыл облысының мемлекетік архивінде алдыңғы кезекте құндылығына байланысты бірегей және аса құнды құжаттар,содан кейін санатына қарай 1,2,3 санаттағы құжаттар қаралады.
Қорыта келгенде, қағаз негізіндегі құжаттардың физикалық жай-күйін анықтау құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету жұмысының маңызды бөлігі болып табылады.Осы жұмыстың нәтижесінде зақымдалған құжаттарды өңдеу,көмескіленген мәтіндердіқалпына келтіру,пайдалану және сақтандыру қорын құру жұмыстары жүргізіледі.