Жамбыл облысының тарихы архив құжаттарында…

Жамбыл облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік аумағында орналасқан әкімшілік басқару бөлігі. Аумақ Талас пен Шу өзендері аңғарларында, Алатау мен Қаратаудың түйіскен баурайлары мен Балхаш көлініің батыс жағында, Қаратау жотасы мен Бетпақдала аралығында орналасқан.

Алпыс жылға жуық Қоқан хандығының қол астында болып келген қазақ жерінің оңтүстігі 1864 жылыдан бастап орыс империясының құрамына енді. Осы өңірде Сырдария мен Жетісу облыстары құрылыпы, олар Түркістан генерал-губернаторлығына бағынды. Үкіметтің 1867 жылғы 11-маусымында қабылдаған жаңа жерлерді басқару жөніндегі «Уақытша Ережеге» сәйкес Әулиеата уезі құрылды. Орталығы Әулиеата шаһары болды. Уезде 200 мың халық тұрды. Тұрғындардың саны 1897 жылы 3000 мыңға жетті. 1917 жылы қазан төкерісінен кейін уезд Түркістан АКСР-нің құрамында болғаны белгілі. 1924 жылғы межелеуден кейін алғашында Сырдария, кейіннен Оңтүстік Қазақстан облысы құрамында болып келген облысымыз 1939 жылдың 14 қазанындағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Жамбыл облысы болып құрылды. Құрамына Жамбыл қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облысынан бөлінген Жамбыл, Луговой (Т.Рысқұлов), Мерке, Сарысу, Свердлов (Байзақ), талас және Алматы облысынан бөлінген Шу аудавны, осы Шу ауданынан бөлінген Көктерек аудандары кірді. Облыс орталығы Жамбыл қаласы болды. («Архив-тарих шежіресі» кітабы).

Шуақты өлкеге биыл 81 жыл толып отыр. 2000 жылдық тарихы бар Тараз жері, Жамбыл елі талай тарихи оқиғаларды басынан өткізгені хақ. Облыс болып құрылған 1939 жылдан бастап өзінің даму жолына түсті.

1940 жылғы облыстық архивтің сарғайған құжаттарында облыстың қысқаша экономикалық, саяси, әлеуметтік тыныс-тіршілігіген хабар беретін құжат сақтаулы. Онда жаңадан құрылған облыстың кенжелеп қалған экономикасын көтеруге бағытталған шаралар туралы айтылған.

Жамбыл жерінде 10 аудан, 1 қалада 320390 адам тұрған. 1939 жылғы санақ бойынша облыста 1154 елді-мекен, қала типінде 4, оны ішінде Жамбыл қаласы (орталық), ал Шу, Луговой, Мерке- Түркісіб темір жолы бойындағы жұмысшы поселкілер. Бұл қала типтес жерлерде халықтың 30 % шоғырланған. Жамбыл облысы батысында Оңтүстік Қазақстан облысымен, оңтүстігінде Қырғыз жерімен, ал шығысында Алматы, солтүстігінде Қарағанды облыстарымен шектеседі. Облыстың жалпы аумағы 122 066,941 мың гектар. Жері шөл және шөлейтті аймақтар болып табылады.