Жамбыл облысы мемлекеттік архиві марапатталды!

image_pdfimage_print
Бүгін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» жобасын іске асырудың тиімділігін арттыру мақсатында Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында семинар өтті.
Семинарға мәдениет саласының жетекшілері мен мамандары қатысты. Ал аудандық архив, музей мекемелері бейне байланыс арқылы қатысып отырды. Онда өткен 2020 жылы атқарылған жұмыстың нәтижелері қорытындылап, биылғы жылғы міндеттер баян етілді.
Семинарда Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы С. Мәдиева бір қатар мәдениет мекемелерін жыл бойы атқарған жұмыста үздік нәтитже көрсеткені үшін марапаттады. Олардың қатарында «Ақпарат жариялау ісіне жауапкершілік танытып, жеделдік пен объективтілік үлгісін көрсеткені үшін» Жамбыл облысы мемлекеттік архиві марапатталды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған