ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ КОМСОМОЛ КОМИТЕТІНІҢ АЛҒАШҚЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ БІРІ – ТАЕВА Ш.

image_pdfimage_print

Тарихты тұлғалар жасайды. Комсомол тарихы да еліміздің тарихымен тығыз байланысты. Онда көптеген ерліктер мен тарихи оқиғалара астасып жатыр. Комсомолшылар соғыс жылдарында ерлік пен еңбектің жоғарғы үлгісін көрсетті, қираған елді қалпына келтірді. Тың және тыңайған жерлерді игерді. Социалистік жарыстарға, қоғамды қайта құруға ат салысты. Осы істің басы қасында жастардың басын біріктіріп, ұйымдар құруда комсомол жетекшілерінің атқарған еңбектері орасан.
Жамбыл облыстық комсомол ұйымының алғашқы конференциясы 1939 жылы 25-желтоқсанда өтті. Федор Калюта бірінші хатшы, ал Шарипа Таева екінші хатшы болып сайланды. (Ф.Калюта жайлы архивтік дерек табылмады) Енді, сол басшының архивтік құжат негізінде жазылған өмір баянымен таныс болайық.
Шарипа Шынғұлқызы – 1913 жылы Қарағанды облысы Байқоңыр жерінде дүниеге келген.

1930 жылдардың басында Шымкент кооперативті-колхоздық мектепке оқуға түседі. Оны бітірген соң, Яны-Қорған аудандық комсомол комитетіне қабылданады. 1932 жылға дейін аудандық комитеттің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болады.

1932-1933 жылдары Мәскеу қаласындағы жұмысшы факультетінде оқиды. Алайда оқуын жалғастыра алмады. 1933-1935 жылдары Ащысай руднигінде әйел ісі жөнінде ұйымдастырушы болады. 1936 жылы Шымкент қалалық тау-кен техникумында оқиды. Жақсы оқығаны және техникум жұмысына белсене араласқаны үшін «Қазақстанның 15 жылдық» төс белгісімен марапатталады. 1936 жылы наурыз айында Оңтүстік Қазақстан Орталық комитетінің Ленин комсомолдық жастар одағының бюросына мүшелікке өтеді. Әйел ісі жөнінде нұсқаушы, пионер бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. 1937 жылы облыстық комитеттің шешімімен БК(б) ПОК-нің жанындағы Я.М.Свердлов атындағы үгітші – насихатшылардың жоғары мектебіне түсіп, 1939 жылы аяқтайды. Алматы қаласындағы идеология жөніндегі нұсқаушы болады. 1937 жылы партия қатарына өтеді.
1939 жылы Жамбыл обкомының идеология жөніндегі хатшысы болады. Қызмет атқарған жылдары комсомолдық ұйым облыста үлкен істер атқарады, мал шаруашылығынң дамуына үлкен үлес қосты. Ауылдық шаруашылықта комсомолдың 7000 мыңға жуық мүшесі бар.

Шарипа Таева 1940 жылдан облыстық комсомол комитетінің 1-хатшысы болады. Бұл басшылықта 1943 жылдың тамыз айына дейін отырады. Жастар арасында беделді әрі сыйлы. Басшылықтан кеткен соң да түрлі лауазымды қызметтер атқарады.
2 мәрте «Құрмет Белгісі » орденімен марапатталған.

You may also like...