«ЖАҺАНҒА МӘШҺҮР ЖАУҺАР ЖЫРЫ» атты дөңгелек үстел

image_pdfimage_print
Өткен жыл еліміздің рухани әлемі үшін ерекше жыл болды. Өлең сөздің патшасы хакім Абайдың туғанына – 175 жыл толды. Жыл басында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел газеті – «Егемен Қазақстанда» жарияланған «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Абай сөзінің, Абай ілімінің бүгінгі заман үшін көкейкестілігі кеңінен сөз болды. Еліміздің барлық баспасөз беттерінде мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар, жастар, ұлт зиялылары ұлы Абайдың тағылымы жөнінде толғана ой қозғады. Қазақстанда және өзге де шетелдерде Абай мұралары кеңінен насихатталып, ірі іс-шаралар өтті. Әлемді жаулаған пандемия кесірінен көптеген іс-шаралар онлайн режимінде өтті. Дегенмен Абай мұраларының өміршеңдігін халық сезіне білді.
Биыл да еліміздің рухани әлемі үшін айрықша жыл. Жаһанға мәшһүр жауһар жырымен көзі тірісінде-ақ «XX ғасырдың Гомері» атанған ұлы Жамбылдың туғанына 175 жыл толмақ.
Осыған орай Жамбыл облысы мемлекеттік архиві тарапынан «ЖАҺАНҒА МӘШҺҮР ЖАУҺАР ЖЫРЫ» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Карантиндік талаптарын сақтай отыра өткізіліп отырған іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысының орынбасары С.Мадиева, Қазақстаннның еңбек сіңірген әртісі Сейілхан Асқарбек, филология ғылымдарының докторы, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі Құлбарақ Сәмен, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының мұғалімі Орынбасарова Мағрифа Сыздыққызы, облыстық архивтің директоры Көсемәлі Сәттібаев, Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының директоры Мәлік Ақүрпеков, архив және құжаттама бөлімінің қызметкерлері Ширтаева Данира Хамитқызы, Жаңабаева Мәрия Әбсаматқызы және БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысының орынбасары С.Мадиева ашып, жүргізіп отырды. Жамбыл облыстық мемлекеттік архивінің бөлім басшысы С.Зейнуллаұлы облыстық архивте сақтаулы газет қиындыларынан жыр алыбы Жамбылдың 100,130,150 жылдық мерейтойларына орай шығарылған мақалалар, жыр алыбының өмірінен сыр шертетін суреттерімен және Ұзынағаш ауылындағы «Жамбыл әдеби-мемориалдық музейде» сақталған Жамбылдың суреттері туралы баяндады. «Жамбылдың жастық шағы» атты кинофильмнен үзінді көрсетілді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған