ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ЖАҢА ҚАДАМ

image_pdfimage_print

Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің мекеме қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын халық арасында түсіндіру мақсатында құрылған топ мүшелерімен кездесу өткізілді.

Кездесуге жолдауды түсіндіру мақсатында «Тараз қаласының өзбек орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Зайнутдинов Абдурахман Юлдашевич, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» Жамбыл облыстық филиалының бас маманы Ошанов Асылбек Есенбайұлы келді.

Жолдаудың қазіргі таңда барлық аймақта жан-жақты талқыланып, халық арасында қолдау тауып жатқандығы, Қазақстанның жаңа жаңару кезеңіне қатысты маңызды мәселелер жөнінде талқыланды. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік, білімнің салтанат құруы, халықтың әлеуметтік жағдайын түзеу бағытында көптеген жұмыстар атқарылғандығы туралы баяндалды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған