ЖҮЗ ЖАСАҒАН ГАЗЕТ ТОЙЫ АЛДЫНДА

image_pdfimage_print
Жамбыл облыстық “Ақ жол” газетінің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында өңірдегі баспасөз ардагерлері бас қосты. Облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек бас қосуда айтылған ұсыныстарды, негізінен, қолдады.
Оның ішінде журналистер мен авторларға қаламақы төлеуді қалпына келтіру, штаттың санынан гөрі сапасын арттырып, сол арқылы айлықты көтеру, жарнамадан қаржы түсірген тілшілерді ақшалай ынталандыру да бар.
“Әулиеата-медиа” ЖШС-ның директоры Нұрбек Бекен осы бас қосуды ұйымдастырып, жүргізіп отырды. Редактор Оралхан Дәуіт мерейтойға орай құнды ұсыныс-пікір айтқан ардагер ағаларына рахмет айтты.

You may also like...