Жаднама
ЖАО «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңның 23-бап 5-тармақшасына және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V Қазақстан Республикасының Заңның 16-бап 3-тармақ, 6)-тармақшаға сәйкес мемлекеттік органдардың интернет-ресурсында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы өзектендірілген ақпаратты тұрақты негізінде жариялауғаміндетті:
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді;
- мемлекеттік органның мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы жыл сайынғы есепті;
- мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қоғамдық мониторингтеу нәтижелерін;
- мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесіне шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты.
Сонымен қатар жоғарыда көрсетілген Заңның 16-бабының, 13 және 14 тармақтарына сәйкес:
- ақпарат иеленушінің интернет-ресурсында жаңалықтар легін жаңарту күн сайын жүзеге асырылуға тиіс, өзге бөлімдерді жаңарту ақпарат алынған немесе құрылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады;
- интернет-ресурстағы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде берілуге тиіс. Ақпарат иеленушінің интернет-ресурсының басқа тілдердегі нұсқалары да болуы мүмкін деп көрсетілген.
Сондай-ақ «Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ақпаратпен толықтыру қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы»Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі №114/НҚ бұйрығының 2-тарауының, 21-тармағына сәйкес:
әдепкі бойынша интернет-ресурстың қазақ тіліндегі нұсқасы ашылады. Интернет-ресурстың тілі өзгерген кезде сол бір қаралатын бет ашылады.