УАҚЫТ НЕТКЕН ҰШҚЫР ЕҢ…

image_pdfimage_print

Өткен жылы қарашаның 11-і күні ортамызда жүрген атпал азамат, Қазақстанның құрметті журналисі Мақұлбек Рысдаулет 70 жастан аса бере өмірден озған еді.

Қазақ баспасөзіне, Жамбыл облысының баспасөзі мен рухани өміріне өзіндік үлес қосқан аяулы азаматтың қазасы көпшіліктің қабырғасын қайыстырған еді. Артына елеулі мұра қалдырған баспасөз қайраткерінің биік болмысы уақыт өткен сайын биіктей бермек.

Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған соң, Жезқазған облыстық «Жезқазған туы» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болды. Алматы Жоғары партия мектебінде оқыды. Мақұлбек Рысдәулет сонымен бірге көптеген көркем әдеби және публицистикалық кітаптардың авторы ретінде білеміз.
Одан кейін республикалық «Халық кеңесі», «Заң», «Егемен Қазақстан» газеттерінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі, Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы, кейінгі жылдары облыстық архив басшысы болып та ел тарихын тануға қатысты көп еңбек етті.

Жамбыл облыстық мемлекеттік архивінде қызмет істей жүріп облыстың қоғамдық саяси өміріне белсене қатыса жүріп, Жамбыл өңірінің жүріп өткен жолына, оның ішінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қиын кезеңдерден бірнеше кітапты дүниеге әкелді. Ол кітаптар бұл күнде қоғамның қажетіне жарап, аға ұрпақтың жанқиярлық еңбегіне қойылған ескерткішке айналғандай.

Аяулы азаматтың дүниеден озғанына жыл толды. Ол туралы естеліктер айтылуда, алда да айтыла бермек. Өйткені өмір жолында елеулі із қалдырған азаматтың ғибратты ғұмыры өзгелерге үлгі болса керек-ті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған