ТОТЫДАЙЫН ТАРАНҒАН ТАРАЗЫМ!

Әркім өзінің туған жерімен мақтанады. Ал біз туған қаламыз Таразбен мақтанып, шаттанамыз, Тараздың қазіргі келбеті кімді де болса сүйсіндіреді. Көктем, жаз маусымында көгерішке бөленіп, тотыдайын таранды десек артық айтпағандық болар еді. Әсіресе соңғы жылдары қаланың келбеті арта түсті. Саябақтар, гүлзарлар гүлге оранып халық үшін ерекше рең сыйлады. Жеңіс саябағы ондағы “Үшбұлақ” демалыс аймағы, Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақ, енді міне оған Төле даңғылы бойындағы “Арбат” шын мәнінде тамаша демалыс орындарына айналды.
Әсіресе “Шахристан” тарихи-этномәдени орталығы мен “Тектұрмас” этно-тарихи кешендерінің ашылуы Тараздың өрлеу жолындағы соны қадамдары іспетті. Оны облысымыздың 80 жылдық торқалы тойына келген мәртебелі қонақтар қайран қалып осылай баға берді. Бұл ауқымды жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Ендеше Тараздың келбеті артып, түрлене беретініне сеніміз мол. Өс, өркенде, еліміздегі ең көрікті шаһарлардың бірі бол Таразым!

#gallery-1 { margin: auto; } #gallery-1 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-1 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-1 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */