ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ЖАС АРХИВИСТЕРІНІҢ IV ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ
Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен және Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетімен ынтымақтастықта жыл сайын ТМД елдерінің жас архивистеріне арналған жазғы мектеп өткізеді. ТМД елдерінің жас архивистеріне арналған дәстүрлі жазғы мектеп биыл алғаш рет 21-23 маусым аралығында бейнеконференция форматында өткізілуде.
Жас архивистер форумының алғашқы күні бойынша – Әзірбайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан 250-ден астам адам бейнеконференцияға қатынады. Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлері де бұл форумға қатысып, ауқымды ақпараттан хабардар болды.
Форумда архивтерді цифрландыруға, электрондық құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету проблемаларына, архивтердің күнделікті қызметіне заманауи ақпараттық технологияларды енгізу мен қолдануға, электрондық құжаттармен жұмысты реттеуде цифрлық дипломатия мәселелеріне, архив құжаттарының түпнұсқаларын сканерлеу, сондай-ақ шетелде электрондық құжат айналымын реттеудің заманауи тенденцияларына басты назар аударылды.