Тілеуқабыл Төребеков атамызды 95 жасқа толуымен құттықтаймыз!

image_pdfimage_print

ҚҰТТЫҚТАУ!
Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің архившілері архив сақтауындағы №1358 жеке тектік қордың иесі Ұлы Отан соғысы ардагері, Тілеуқабыл Төребеков атамызды 95 жасқа толуымен құттықтайды.
ҚҰРМЕТТІ ТІЛЕУҚАБЫЛ АТА!
Халқымыз бағзы кездерден-ақ ел ағаларына, асыл туған абыздарына, көкірегі қазына қарттарына қарап, ойын да, бойын да түзеген. Сіз, міне, осындай арияларымыздың көшін бастап келесіз. Сіз елімізге, оның ішінде облысқа қарт майдангер, биліктің байырғы қызметкері, өңір а ардагерлері кеңесінің төрағасы, сондай-ақ, Тараз қаласының, Жамбыл облысының құрметті азаматы ретінде жақсы танымалсыз.
Өңір жұртшылығының өмірден көргені де, көңілге түйгені де көп, жас ұрпаққа айтары бар абыз ақсақалысыз.
Біз бүгін, Сізді 95 жасқа шыққан биік тұғырыңызбен, мерейтойыңызбен шын жүректен құтықтаймыз, Сізге және бүкіл әулетіңізге өмірдің барша жақсылықтарын тілейміз.

Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің ұжымы

You may also like...