ТАРИХТЫ АДАМДАР ЖАСАЙДЫ

image_pdfimage_print

Жамбыл облысының және архив қызметінің құрылғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылған облыстық «АРХИВ – ТАРИХ ҚАЗЫНАСЫ» атты фото-құжаттар көрмесінің жалғасы «ТАРИХТЫ АДАМДАР ЖАСАЙДЫ». Мұнда облыстың әлеуметтік, экономикалық және мәдени тұрғыдан дамуына еңбегі сіңген архив қорындағы 100-ден аса адамның жеке тектік құжат көшірмелерінен фото-альбомдар, облыстық мемлекеттік архивтің, аудандық архивтердің дамуына үлес қосқан басшылар мен үздік қызметкерлердің фото-альбомы қойылған. Сонымен қатар, архив сақтауындағы жеке тектік қордан істер қойылған. Атап айтсақ, даңқты қолбасшы, майдангер Б.Момышұлының нақыл сөздері (көшірмесі), желтоқсаншы Қ.Рысқұлбековтің отбасылық суреттері, редактор А.Бекбосынның өз қолымен жазылған өмірбаяны, филолог М.Мырзахметовтің билеттері, Қазақстанның Еңбек Ері М.Ескендіровтің суреттерін осы көрмеден көруге болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған