Тарихты – ұрпақ біліп, есте сақтасын!»

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНДЕ 21.11.2019 жылы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламысы аясында «Тарихты – ұрпақ біліп, есте сақтасын!» атты латын әріпінде жазылған құжаттар мен жеке тектік құжаттар көрмесі өткізілді. Аталған іс шараға Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшы орынбасары С.Мадиева, Жамбыл ауданы әкімдігінің аппарат басшысы Ж.Телеуов қатысып, жылы лебіздерін білдірді. Сондай –ақ Байзақ, Талас, Сарысу аудандарының, Қалалық және Жамбыл облыстық архивтерінің директорлары, жинақтау көзі тізіміндегі 56 мекеменің архивке жауапты мамандары қатысты. Аталған іс шараның мақсаты тарих қойнауынан терең бастау алған құндылықтарымызды жас ұрпақтың бойына сіңіру, Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру, қоғамда латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, пікір қалыптастыру мақсатында өткізілді.