ТАРИХТАН СЫР ШЕРТКЕН СУРЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

Архив қорында өткен ғасырларда облыстың саяси, экономикалық, әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени өсіп-өркендеу жолынан суреттер бар. Олардың біразы электронды нұсқаға да көшірілген.
Кезінде «Әулиеата», «Мирзоян», «Жамбыл» деп аталған қазіргі Тараз қаласының барлық салада өсіп-өркендеу жолының қарыштау кезі облыс құрылған 1939 жылдан бастау алады. Алайда Ұлы Отан соғысы жылдары құрылыс саласындағы қарқын едәуір бәсеңдегені байқалады. Бірақ оның есесіне 1950-1960 жылдары құрылыс ерекше қарқын алған.
Облыс аумағындағы бұрыңғы Шолақтау, қазіргі Қаратау елді мекеніндегі кен орындарынан ауылшаруашылығы үшін аса бағалы химиялық шикізат өндіру қолға ала бастады. Кен орындарының ашылуы облыс орталығының әлеуметтік-тұрмыстық жағынан өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосты. Химиялық шикізат өңдейтін және ұқсататын ірі зауыттардың дүниеге келуі көптеген жұмысшылар үшін қажет етті. Сонымен бірге аяқ-киім тігетін, жүн, ет өнімдерін ұқсатып, өңдейтін басқа да жеңіл және ауыр өнеркәсіп орындарының дамуы қала ғана емес облыс халқының арасындағы жұмысқа жарамды азаматтардың бос отырмай еңбекпен толық қамтылуына зор мүмкіндік туғызды. Олардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар жүзеге асты.
Жастар үшін тұрғын үйлер мен жатақханалар көбейді. Жамбыл қаласында сол кездегі жаңа жобамен салынған мөлтек аудандар пайда болды. Тұрғындар саны облыс бойынша миллионнан асып, Жамбыл қаласында ол 400 мыңға жуықтады. Тіпті халық саны жағынан Жамбыл қаласы Алматы, Шымкент, Қарағанды қалаларынан кейіңгі төртінші орынды иеленді.
Негізі:Жамбыл облысының мемлекеттік архиві