Таразым – тарихы мол, тал бесігім!

image_pdfimage_print

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты
мақаласының аясында Тараз қаласының туылған күніне орай
«Таразым – тарихы мол, тал бесігім!»
 атты дөңгелек үстел

2019 жылы 4 қаңтарда Жамбыл облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшылығымен Тараз қаласының мемлекеттік архивінде Қазақстан Республикасының Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының аясында Тараз қаласының туылған күніне орай «ТАРАЗЫМ – ТАРИХЫ МОЛ, ТАЛ БЕСІГІМ!» атты дөңгелек үстел өтті.

Өзінің алғашқы құрушысы- Ғұн әміршісі-Тезек (Чичжи) қағанның қойған-Тараз атауын Елбасымыздың қайтарып бергеніне және сол күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа «Тараз қаласының тұңғыш Құрметті азаматы» атағы берілгеніне 8 қаңтар күні 22 жыл толғалы отыр, осы атаулы күнді Тараз қаласының мемлекеттік архиві жыл сайын мереке ретінде атап өтуді әдетке айналдырған. Биыл да осы күнді Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты тарихи бағдарламалық мақаласын басшылыққа ала отырып, ұлағатты әңгіме ретінде өтті.

Дөңгелек үстел Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшылары, Жамбыл облыстық, Тараз қалалық, аудандық мемлекеттік архивтер басшылары мен мекеме қызметкерлері, «Тараз қаласының құрметті азаматтары», тарихшы- ғалымдар, профессорлар, зерттеушілер және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

Шақырылған қонақтардың баяндамалары тыңдалды және Көне Тараз қаласының 2000 жылдық мерей тойының қарсаңында дүниеге келген, Тараз қаласымен аттас Әл-Тарази  азаматтың  құттықтауы тыңдалды.

Аталған іс-шараға 30 адам қатысты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған