ТАРАЗДЫҢ БАЙ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕП БІТТІК ДЕУГЕ ӘЛІ ЕРТЕ
«Тараз–тарихымыздың темірқазығы». Олай болса, екі мыңжылдық тарихы бар Тараз шаһарының бай тарихын зерттеп бітті деуге әлі ерте. Оның талай сырды бүгіп жатқаны анық. Ежелгі Тараз шаһарының Жібек жолы бойында жатқанын яғни, Батыс пен Шығысты жалғаған керуен жолы екеніндігін ескерсек өзге елдердің архивтерінен Таразға қатысты деректердің әлі де табыла беретіндігі хақ. Осы жөнінде облыстық архивтің қызметкерлері облыстық “Ақ жол” газетінің 05.10.2020 жылғы №116 санында “ТАРАЗДЫҢ БАЙ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕП БІТТІК ДЕУГЕ ӘЛІ ЕРТЕ” атты тақырыпта мекеме директорының ұйытқы болуымен жарық көрді.