ТАНК КОЛОННАСЫН ЖАСАҚТАУШЫЛАР

image_pdfimage_print

ТАНК КОЛОННАСЫН ЖАСАҚТАУШЫЛАР
1942 жылдан бастап елімізде «қазақстандық» деп аталатын әр түрлі әскери-техникалық құрамдар жасақтауға да белсене қатысты. Мәселен 1942 жылдың 28 желтоқсанында «Қазақстан колхозшысы» атты танк колоннасын жасақтауға барлық аудандардан қанша қаржы жіберілгені туралы дерек бар. Танк колоннасын жасақтауға облыс бойынша 14065000 сом жиналған. Мәселен Шу ауданынан жолданған хатта Кеңес селолық советінің аумағындағы мектеп директоры Мұқатаев танк колоннасын жасақтауға 1500 сом қосқан. Осы мектептің бүкіл ұжымы қорға 126767 сом берген. Бұл қорға жаңа жылдың қаңтар айында Шу ауданы 2602000 сом аударған. Сарысу ауданынан жолданған жеделхатта жаңа жылдың бірінші айында астық қабылдау пунктіне қор есебіне 3500 центнер астық құйылғанын айтқан. Сонымен бірге олар 1902000 сом жинаған, 138 қой, 12 жылқы, 2 түйе, 9 сиыр Қызыл Армияның құрылғанына 25 жыл толу күніне сыйлық ретінде жібергендерін айтады. Красногор ауданынан жолданған жеделхатта танк колоннасын жасақтауға аудан тұрғындарынан 1358566 сом қаржы жиналғаны жөнінде дерек бар. Мұндай жеделхаттарды барлық аудандардан, елді мекендерден көптеп келтіре беруге болады. Облыс тұрғандары займ облигацияларында көптеп сатып алғаны туралы да мәліметтер жеткілікті. 1943 жылдың 15 қаңтарында облыстық «Коммунист» газетінде «Қазақстан колхозшысы» танк колоннасын жасақтауға республика бойынша 305 миллион 17 мың сом қаржы жиналғаны жөнінде ҚазТАГ-тың хабары жарияланды. Осы хабарда танк колоннасын жасақтауға жамбылдықтардың үлесі 17922 мың сом болғандығы да айтылған.
НЕГІЗІ: Жамбыл облысының мемлекеттік архиві, «Мәңгілік ерлік» кітабы;


You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған