Төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні. Халықты рухани азықпен сусындатып отырған мәдениет және өнер қызметкерлері қашанда құрметке лайық. . Өнер атты құдіретті әлемнің әлдиіне бөленіп, жан сарайымызды рухани дүниемен байытып, өмірге деген құштарлығынды арттырады. Күнделікті күйбен тірліктен шаршаңғырап жүргенде жаныңды жадыратып, бойыңды сергітетін өнер атты киелі дүниені сомдайтын шеберлердің өнері өміршең. Бабалардан қалған мұраны одан әрі дамытып өңіріміздің өнер айдынын асқақтатып жүрген өнер иелерінің қанаты талмасын.
Құрметті мәдениет және өнер саласының өкілдері! Сіздерді осынау төл мерекелеріңіз мәдениет және өнер күнімен құттықтай отырып, мықты денсаулық, шығармашылық шабыт тілейміз!