«СОҒЫС ЖЫЛДАРЫ ЖАМБЫЛ ЖЕРІНЕ ЭВАКУАЦИЯЛАНҒАН ЛЕНИНГРАД ЗАҢ ИНСТИТУТЫ»

image_pdfimage_print
    Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай атты «СОҒЫС ЖЫЛДАРЫ ЖАМБЫЛ ЖЕРІНЕ ЭВАКУАЦИЯЛАНҒАН ЛЕНИНГРАД ЗАҢ ИНСТИТУТЫ» тақырыпта архивтік құжаттар негізінде ұйымдастырылған көрме
Биыл Ұлы Жеңістің 76 жылы атап өтілуде. Уақыт өткен сайын соғыс аты алыстағанымен оны зерттеу әлі жалғасып келеді. Осы жылы архив құжаттары негізінде соғыс жылдары Жамбыл облысына эвакуацияланған мекемелер мен өзге ұлт өкілдері жөнінде іс-шара өткізуді ұйғардық. Соның бірі, Ұлы Отан соғысы жылдары Калинин атындағы Ленинград Заң институтының Жамбыл қаласына эвакуцияланған тың дерегі.
Соғыс жылдары ірі зауыт, фабрика, өнер, білім орындарының шалғайдағы Қазақстанға эвакуацияланғанын білеміз. Солардың арасында Ресейдің ең байырғы оқу орнының бірі саналатын – Ленинград Заң институты Жамбылға эвакуацияланғанын білдік.
Облыстық архивтегі құжатта Жамбыл облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы М.Ткаченкоға Ленинград Заң институтының директоры Петровтың 1944 жылы маусым айының 13-інде жолдаған қатынас хаты сақтаулы екен. Онда 1944-1945 жаңа оқу жылына әзірлік мәселесі сөз болған. Аталмыш институттың бұл жылы Ленинградқа оралмайтындықтарын, жаңа оқу жылына жоспар бойынша 200 студентті қабылдау жұмыстары басталғанынан хабардар еткен. Осыған орай институт орналасқан Жамбыл қаласы Ленин көшесі, № 30, (бұрынғы Қазан революциясы атындағы) мектеп ғимараты күрделі әрі шұғыл жөндеуді керек ететіндігін, бұл жұмыстарға жергілікті атқарушы билік тарапынан көмек көрсетулерін өтінген.
Ленинград Заң институты Одақ көлеміндегі ең байырғы жоғарғы оқу орындарының бірі. Мұнда жоғары білімді, білікті маман профессор-оқытушы кадрлар еңбек еткен. Институт лекторлары облысқа қоныс аударғалы бері 700 ден артық лекциялар мен баяндамалар жасаған.
Заң институтының оқытушы – профессорлар құрамымен «Ғалымдар үйі» ашылған, оның төрағалығына профессор Л. И. Ловюцки бекітілген. «Ғалымдар үйінің» 36 мүшесі болған. Оның құрамына 7 профессор, 5 доцент, 11 ғылым кандидаты, 3 аға оқытушы, 7 тәжірибе стансасының ғылыми қызметкерлері, облыстық музейдің директоры, облыстық білім мекемесінің маманы және суретші енген.
«Коммунист» газетінің 9 мамыр күнгі санында «Прощальный вечер юридического института» тақырыбында шағын хабар басылған. Онда облыстық қазақ драма театрында үкіметтің қаулысына орай Ленинград Заң институтының Ленинград қаласына оралуына байланысты Жамбыл облысы жұртшылығымен қоштасу кеші өткен. Салтанатты кеште институт директорының ғылым және оқу жөніндегі орынбасары, профессор В. М. Догадов институттың Жамбыл қаласында өткізген еңбек жылдарын баян етіп, осынау қиын кезеңде қамқорлық пен қолдау көрсеткен облыстық партия комитетімен, облыс, қала жұртшылығына алғысын білдірген.
Осы деректерді жас ұрпаққа жеткізу мақсатында облыстық архив тарапынан «Соғыс жылдары Жамбыл жеріне эвакуацияланған Ленинград Заң институты» атты тақырыпта көрме ұйымдастырылды.
Көрмеде Ленинград заң институына қатысты облыстық архивте сақтаулы архивтік құжаттар, 1945 жылғы «Коммунист» газет тігінділері, соғыс жылдары Жамбыл жеріне эвакуацияланғандар жөніндегі мәліметтерді қамтиды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған