Соғыс жылдары Ленинград Заң институты Жамбыл қаласына эвакуацияланған

image_pdfimage_print

Облыстық архивтің құжаттары арасынан тың дерекке кезіктік. Ол – Ұлы Отан соғысы жылдары Ленинград Заң институтының Жамбыл қаласына эвакуцияланған дерегі. 1941 жылы 8 қыркүйектен 1944 жылы 27 ақпанға дейін Ленинград қаласының жау қоршауында қалғаны мәлім. Бұл қыспақ 872 күнге созылған.
Соғыс жылдары ірі зауыт, фабрика, өнер, білім орындарының шалғайдағы Қазақстанға эвакуацияланғанын білеміз. Солардың арасында Ресейдің ең байырғы оқу орнының бірі саналатын – Ленинград Заң институты Жамбылға эвакуацияланғанын енді білдік.
Облыстық архивтегі құжатта Жамбыл облыстық партия комитетінің хатшысы М.Ткаченкоға Ленинград Заң институтының директоры Петрофтың қатынас хаты сақталған. Онда 1944-1945 жаңа оқу жылына әзірлік мәселесі сөз болған. Аталмыш институттың бұл жылы Ленинградқа оралмайтындықтарын, жаңа оқу жылында жоспар бойынша 200 студентті қабылдау жұмыстарын жүргізетіндігін хабардар етеді. Осыған орай жергілікті атқарушы билік тарапынан институт орналасқан Жамбыл қаласы Ленин көшесі, № 30 , (бұрыңғы Октябрь революциясы атындағы) мектеп ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізіп беруді өтінген .
Институтта 30 орындық жатақхананың толық екендігін осыған орай жергілікті билік қосымша тұрғын-жай орындарымен қамтамасыз еткен ретте институт әр орынға ай сайын 20 рубль қаржы бөлетіндіктерін алға тартқан.
Институт қыс маусымына әзірлік барысында 70 тонна сексеуіл отыны қажет екендігі бұл жұмыстар үшін институт тарапынан жұмыс күшімен көмектесе алатындықтарын айта отырып партия комитеті тарапынан көңіл берулерін өтінген .

Әділбек Баққараұлы
Облыстық мемлекеттік архивтің архивисі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған