САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН АҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

image_pdfimage_print
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы №456 Жарлығына сәйкес Жамбыл облысы әкімінің қаулысымен облыс әкімдігі жанынан қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарды ақтау жөніндегі комиссия құрылған болатын.
Комиссия жұмысының негізгі мақсаты жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарды ақтау.
Үстіміздегі жылдың наурыз айының 10 жұлдызында облыстық комиссияның алғашқы отырысы өтті. Комиссия отырысының төрағасы – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ержан Жұматұлы.
Облыс әкімдігінің ғимаратында өткен комиссия отырысының күн тәртібіне сәйкес, облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Б. Жамангозов, облыстық прокуратураның №5 басқармасының бастығы Ғ.Даненов, облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары С. Мәдиева баяндама жасады.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі облыстық комиссия 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітіп, комиссияның жұмысшы тобы құрылды. Жұмысшы топ құрамына облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары С.Қ. Мадиева, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті С. Бақторазов, Ш. Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының директоры С. Қалиев, Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің директоры К. Сәттібайұлы, облыстық архивтің бөлім басшылары Ж. Есентаева , С. Зейнуллаұлы енді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған