Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде “түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихы мемлекеттік мекемесінің архив құжаттарына зерделеу жұмыстары
Ағымдағы жылдың 3-5 күндері облыстық архивтің бөлім басшысы С.Зейнуллаұлы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі архив құжаттарын зерделеу жұмыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Қоғамдық саяси тарих архиві» мекемесінде іс-сапарда болды.
Іс-сапар барысында Сырдария губерниялық, округтік комитеті, Шымкент облыстық партия комитеті, Созақ аудандық комитетінің 1920-1939 жылдардағы құжаттарына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Аталған қор құрамында Әулиеата, Меркі, Талас, ауданы бойынша тәркіленген байлардың тізімі, мінездемелері мен баяндамалары, Созақ-Сарысу көтеріліс жөнінде мәліметтер, аудандар бойынша 1930 жылғы нан дайындау жұмыстары, көшпелілерді орналастыру, жұтпен күрес, ұжымдастыру жөнінде мәліметтер сақталған.