САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН АҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ

image_pdfimage_print
          2022 жылдың 15 желтоқсанында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі облыстық комиссия отырысы болып өтті. Жиын басында жыл бойы атқарылған жұмыстар талқыға салынды.
          Облыс әкімінің орынбасары Үйсімбаев Еркін Құлымбайұлының төрағалығымен өткен бұл жиында облысымыздағы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі облыстық комиссия негізінде жасақталған жұмысшы топтар мен оның мүшелерінің баяндамалары тыңдалды. Облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Мадиева Сара Қабылбекқызы аталмыш науқан бойынша жылдық жұмыс барысының жүргізілу ретіне жалпы көрініс беріп, тілге тиек еткен болатын.
Ары қарай, Кіші жұмысшы топтың жетекшісі, Ш.Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының директоры Қалиев Сауран Қалиұлының, Кіші жұмысшы топтың мүшесі, Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің директоры Көсемәлі Сәттібайұлының, Кіші жұмысшы топтың жетекшісі, облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының директоры Дауренбеков Қуаныш Кәрібайұлының және Кіші жұмысшы топтың жетекшісі, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, Ж.Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттеу орталығының жетекшісі Сейдахан Бақторазовтың баяндамалары оқылып, талқыға түсті.
            Жиын соңы қос кітаптың тұсаукесер рәсімімен ұласты. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Жамбыл облыстық комиссиясының кіші жұмысшы топ құрамының атқарған жұмыстары жөнінде «Жамбыл облысы қуғын-сүргін жылдарында» атты жинақтың бірінші томы және М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, Ж.Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттеу орталығының жетекшісі Сейдахан Бақторазовтың «Әулиеата өңіріндегі кәмпескелеу және ұжымдастыру науқандары кезіндегі дүрбелең» атты монографияларының тұсауы кесілген болатын.

You may also like...