Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарды ақтау мәселесі

image_pdfimage_print

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарды ақтау мәселесі бойынша арнайы жұмысшы тобын құрып, жұмыстар атқаруда.
Алдымен Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің 282-қорында Жамбыл облыстық партия комитетінің құжаттарында кезінде «халық жауы» болып, кейін 1989-1991 жылдар аралығында ақталған коммунистердің персоналдық жеке істері, ақтау істері, партиялық бақылау комиссиясының отырыстары, коммунистердің істерін қайта қарау туралы 300-ге жуық құжаттарды зерделеп, арнайы кестеге толтыруда.
282-қорының 75, 80,81 тізімдемелердегі 187-бумасындағы құжаттарды қарай отырып, ашық ойы, ғылыми дәлелі, сенімі, пікірі, арманы үшін сотпен емес, «үштіктің» шешімімен сотталған, атылғандар бар.
Өздеріңіз білетіндей, құпия құжаттарды көбі қазіргі таңда Жамбыл облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу, Ақпараттық-талдау орталығы секілді арнайы архивтердің жабық қорларында сақталған.
Жоғарыда атап өткендей, жазықсыз жазаланған азаматтар туралы Жамбыл облыстық архив тарапынан 2014 жылы Жамбыл жерінде туған, еңбек еткен, жазықсыз жазаланған, кейін ақталған азаматтар туралы қысқаша мәліметтермен қамтылған «Жазықсыз жазаланғандар» атты кітап жарияланды. Кітаптағы мәліметтер республикалық, облыстық басылым беттерінен алынған және облыстық партия комитеті құжаттарының мәліметтері енгізілген.
Сонымен қатар, басқарма тарапынан құрылған арнайы жұмыс тобының бір бөлігі Жамбыл облыстық сотының құжаттарына зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Түрлі жағдайларда айыпталған азаматтардың жеке істерін анықтап, сотталу бабына сәйкес, талдамалық жұмыстарын қатар жүргізеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған