САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ ТУРАЛЫ КӨБІРЕК ЖАЗЫЛУЫ КЕРЕК

image_pdfimage_print
Мейрамбек ТӨЛЕПБЕРГЕН.
Мәжіліс депутаты:
Жақында жамбылдық ізденгіш журналист Көсемәлі Сәттібайұлының Жамбыл облыстық “Ақ жол” газетінде “Мирзоян қаласындағы ” үштіктің” үкімі” деген көлемді мақаласы жарияланды.
Облыстық архивтің “бұғып” жатқан деректері негізінде Мирзоян аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Сәдуақас Баймахановтың 1938 жылдың 27 ақпанында “үштіктің” үкімімен ату жазасына кесілген азапты жағдайына байланысты тергеу материалдарын зерделейді.
Бұл ардақты қайраткер сонау жылдары ақталса да тағдыры көпшілікке беймәлім болып келген еді. Автор архив құжаттарын “қопара” отырып, көпшілікке беймәлім сырды ашыпты.
Қаламгердің сол кезеңдерде Меркі ауданында шаштараз болған З.В.Чаглей есімді әйелдің тағдырында қалай “социалистік құрылысқа қарсы” әрекеті әуелі “ату жазасына” кесіліп, кейін оның 10 жылға созылған қапасқа қамалғаны айтылады.
Бұл жазықсыз азап шеккен, қан қапаста болған
боздақтар тағдырының сабақтары мен тағлымдары ұмыт қалмауы керек,деген ойға жетелейді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған