РЕПРЕССИЯ ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ БӘРІ АҚТАЛУЫ ТИІС
Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы №149 санына Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі облыстық комиссия мүшесі, «Жамбыл облыстық мемлекеттік архиві» мекемесінің директоры, жазушы Көсемәлі Сәттібайұлының газет тілшісіне берген сұхбаты жарияланды.