Рәміздер – мақтанышым!

image_pdfimage_print

Қазақстан Республикасының рәміздері алғаш 1992 жылы қабылданып, тәуелсіздігіміздің нышаны болып белгіленді. Ал 2007 жылдың 4-маусымында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң қабылданып, осы Заңға сәйкес жыл сайын 4-маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейді. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі. Сондықтан, республика азаматтарының мемлекеттік рәміздерді қастерлеуі – парыз. Осыған орай, дәстүрлі түрде Жамбыл облысының мемлекеттік архивінде 4-маусым күні қызметкерлер Мемлекеттік Гимн орындап, тәуелсіздік нышандарына ерекше құрмет көрсетті.

You may also like...