“Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві” АЖ іске асыру шеңберінде оқыту

Мәдениет және спорт министрлігі “Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві” АЖ іске асыру шеңберінде 2021 жылдың 27-29 қыркүйегі арасында жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне Ұлттық мұрағат базасында офлайн форматта оқыту ұйымдастырды. Сол оқуға Жамбыл облысының мемлекеттік архивінен Саурыкова Малика, Жуматаева Лязат, Әбілтаев Ержан қатысып, АЖ бойынша білімін толықтады.