ҚҰТТЫҚТАУ!!!

        Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, журналист, Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің директоры Көсемәлі Сәттібайұлының алпыстың үшеуіне келді.
К.Сәттібайұлы қарымды қаламгер ретінде отандық бұқаралық ақпарат құралдарында жауапты қызметтер атқарып, облыстық басылымға басшылық жасап, қазақ баспасөзін дамытуға мол үлес қосқан. Көп жылдан бері қағаз бен қаламды серік етіп, тынымсыз еңбек етіп, осы жолда көп белес-биіктерден өткен жігерлі азамат!
Облыстық архив ұжымы Сізге əдебиет əлемінде мол табыстарға жетіп, жаңа шығармаларыңыздың жарыққа шығуына, ел-жұрттың құрметіне бөлене беруіңізге тілектестігімізді білдіреді!
Бүгінгідей мерейлі сәтте ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас несібе-дәулет тілейміз.
Құрметпен Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің ұжымы