«Қазіргі кезеңдегі архив ісі: мәселелер, тәжірибелер, инновациялар» конференциясы

image_pdfimage_print

20-21 қазанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Архив-2025» жобасы аясында және Қазақстан Республикасының Президентінің архивінің ұйымдастыруымен «Қазіргі кезеңдегі архив ісі: мәселелер, тәжірибелер, инновациялар» тақырыбында III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орайластырылған.
Конференцияда әлемдік архив ғылымының жетістіктері және экономика мен қоғамның жеделдетілген технологиялық жаңғыруының тәжірибелерін, цифрлық технологияларды белсенді енгізу негізіндегі архивтер қызметінің жаңа мазмұнын ескере отырып, архив ісінің жағдайы мен даму келешегі талқыға салынды. Қоғамдық сананы жаңғыртудағы архивтердің рөлі, архив саласының жағдайы мен мәселелері, Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарының сақталуы және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.
Аталмыш конференцияға Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің мамандары Ж. Есентаева және М.Саурыкова қатысып, еліміздегі архив саласындағы жұмыс барысы, архив ісіндегі мәселелер мен тәжірибелер туралы ақпарат алды.

You may also like...