“ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ” АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРБИЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

image_pdfimage_print
Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің бас ғимаратында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы, Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен “Қазақстан мен Өзбекстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері” атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференциясы өтті.
📌Конференцияда “Қазақстан архивтеріндегі Өзбекстан мемлекетінің тарихы”, “Өзбекстан архивтеріндегі Қазақстан мемлекетінің тарихы”, “Өзбек халқының ұлттық дәстүрі, мәдениеті, тарихы”, “Тәуелсіздік ел тұғыры” тақырыптарында көрме ұйымдастырылды.
📍Іс-шараға Өзбекстан Республикасының Әділет министрі жанындағы “Узархив” агенттігі директорының орынбасары Садыков Шерзод Гайратович, “Узархив” агенттігінің ақпараттық қызмет басшысы Алиев Анваржон Орифжонович, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, университет ректоры, Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары, өңірлік және аудандық архив директорлары қатысты.
📍Конференцияның “Архив саласы: жағдайы және даму перспективалары” атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел барысында Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің Л.Кожаханова “Саланың серпінді дамуына шолу” атты тақырыпта баяндама оқыды.
📍Іс-шараның мақсаты екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, тарихы маңызы бар архив құжаттарын зерделеу болып табылады.

You may also like...