Поэзияның ақ гүлі

image_pdfimage_print
Ақын, журналист, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Жамбыл облысының құрметті азаматы Күләш Ахметованың 75 жасқа толуына орай «Поэзияның ақ гүлі» атты республикалық Күләш оқулары өткізілді.
Тараз қаласындағы «Ұстаз» институтында өткен іс-шараға Жамбыл облысы мемлекеттік архиві тарапынан архив қорында сақтаулы “Жамбылдық ақын-жазушылардың жеке тектік құжаттары” топтамасындағы Күләш Ахметованың жеке тектік құжаттарынан көрме жасалынып, көрермен назарына ұсынылды.
Көрмеде К.Ахметованың өмірбаяны, Кенен Әзірбаев, Д.А.Қонаев, Ф.Оңғарсынова, Елбасымыз Н.Назарбаев, қазақ және орыс жазушыларымен бірге түскен суреттері, марапаттаулары мен басылым беттеріне шыққан мақалалары, кітаптары қойылды.

You may also like...