Отан – отбасыдан басталады

image_pdfimage_print

Отан – отбасыдан басталады. Ондаған, жүздеген, мыңдаған отбасынан Отан құралады. Іргесі мықты, шаңырағы биік отбасылар Отанның байлығы, игілігі.

Отбасы. Қазақтың қай ауылына барсанда берекелі шаңырақтар бар. Ұл мен қызы өнегелі, өсіп-өніп жатқан әулеттерді көріп көңіліміздің марқаятыны рас. Ұрпағы үшін ата-ана бейнет етеді. Сонау соғыс жылдары ерін майданға аттандырып ағыл-тегіл бейнет кешкен апаларымыздың арманы отбасын сақтап ұрпақ өсіру еді. Сол асқақ армандар талай шаңырақтың отын өшірмей өмір көшіне қосқан. Одан бертіндегі бейнетке толы жылдар қазақ шаңырағын жықпай мына заманға жеткізді.

Осынау Отбасы күні баршаңызға Отан табалдырықтан басталады деген аталы сөзді еске салып, отбасының амандығы, саулығы ертеңіміздің кепілі десек болар.

You may also like...