ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВТІҢ КӨШПЕЛІ КӨРМЕСІ ОБЛЫСТЫҚ АРХИВТЕ

image_pdfimage_print

Орталық мемлекеттік архивінің директоры Арнұр Жасабекұлы ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Орталық мемлекеттік архив тарапынан көшпелі көрме бүгін Жамбыл жерінде, облыстық архивте өткізгелі отырғанын тілге тиек етті. Бұл еліміздің бас архиві тарапынан Абай тойына арналған алғашқы іс-шара екендігін атап өтті.

“Архив-2025” бағдарламасы аясында өткен іс-шараға Орталық мемлекеттік архивінің директорының орынбасары Мәрзия Жылысбаева көшпелі көрмеге қойылған ұлы Абайға қатысты құнды дүниелермен, қолжазбалармен, сирек фото-суреттерді таныстырды.

You may also like...