ОРДАБЕКОВ САҒЫНДЫҚ ОРДАБЕКҰЛЫ-70 ЖАСТА!

image_pdfimage_print

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ, ДӘРІГЕР-ХИРУРГ, ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ
ОРДАБЕКОВ САҒЫНДЫҚ ОРДАБЕКҰЛЫ-70 ЖАСТА!
Ордабеков Сағындық Ордабекұлы 1950 жылы 12 қантарда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Үшбас ауылында жұмысшы отбасында дүниеге келген.
1975 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу ісі факультетін тәмамдайды.
1975-1987 жылдары Жамбыл облыстық ауруханасында дәрігер-хирург қызметін атқарады. 1988-1989 жылдары Жамбыл қаласының жедел медициналық қызмет көрсету ауруханасында бас дәрігердің орынбасары қызметін істейді. 1989-2008 жылдары Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас хирургы болып қызмет атқарады. 2008 жылдан бастап Жамбыл облыстық ауруханасында хирургия жұмысы жағынан бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарып келеді.
1987 жылы Мәскеу қаласында тәжірбиеден өте жүріп, «Эхинококкоз печени и его хирургическое лечение» атты тақырыпта кандидаттық дисертациясын, ал 1997 жылы А.Н.Сызғанов атындағы ғылыми хирургиялық орталығында «Хирургическое лечение осложненного эхинококкоза органов брюшной полости» атты тақырыпта докторлық диссертациясын қорғап шықты.

2009 жылы Қазақстан Республикасының жоғарғы аттестациялық комиссиясының (ЖАК) шешімімен медицина профессоры деген атақ береді.
Ордабеков Сағындық Ордабекұлы 350- ден астам ғылыми-практикалық жұмыстары журналдар мен жинақтарға енді. 7 монография, 8 оқулық, 3 ғылыми, 4 көркемдік кітап, медицина саласында ашқан жаңалығы үшін 4 авторлық құқық, рационализаторлық ұсыныс үшін 12 куәлік шығарылды. Жамбыл облысы мен Тараз қаласындағы хирургия саласының дамуына үлкен үлес қосып, ондаған хирург мамандарын даярлап шығарды. Сағындық Ордабекұлының жетекшілігімен 5 кандидаттық, 14 магистрлік диссертациялары қорғалды.

You may also like...