«МАҚҰЛБЕК РЫСДӘУЛЕТ – ҚАРЫМДЫ ҚАЛАМГЕР, ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХШЫ, ӨРЕЛІ ӨЛКЕТАНУШЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРБИЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Қарымды қаламгер, жазушы-журналист, өлкетанушы, архив саласының ардагері Мақұлбек Рысдәулеттің туғанына 75 жыл толуына орай тұлғаны еске алуға арналған «Мақұлбек Рысдәулет – қарымды қаламгер, тағылымды тарихшы, өрелі өлкетанушы» атты республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференциясы өтті.
Конференцияға облысымыздың бір топ зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, замандас достары, бірге оқыған курстастары, қызмет жасаған әріптестері мен үзенгілестері, көз көрген азаматтар қатысты.
Іс-шара барысында Мақұлбек Рысдәулеттің өмір жолы мен шығармашылығына кеңінен тоқталып, естеліктерімен бөлісті.
Облыстық архивтің бөлім басшысы Ж.Есентаева «Ғалымның хаты, жақсының аты өлмейді» атты тақырыпта баяндама жасап, архив саласында атқарған еңбектеріне тоқталды.
Архив сақтауындағы Мақұлбек Рысдәулеттің жеке тектік құжаттарынан тұратын көрме ұйымдастырып, қонақтар назарына ұсынылды.
Шара соңында еске алу мақалалары, тұлғалық қасиетін ашатын ақпараттар, қаламгердің сұхбаттары мен зерттеу мақалаларынан тұратын «Өрелі сөзді өрнектеген» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі болды.