Мамыражай мамырда дүние есігін ашқан…

image_pdfimage_print
Бүгін – Мақанның, Мақұлбек аға Рысдаулеттің дүниеге келген күні. Баспасөз және архив саласында өзіндік із қалдырған, аяулы азамат 72 жасқа толғанын атап өтіп жатар еді-ау. Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің ұжымы әріптес ағаны еске ала отырып, бірер ауыз сөз арнауды жөн көрдік.
Жуалыдай жер жәннатында дүние есігін ашқан Мақұлбек аға сол өлкеде ер жетіп, азамат атанды. Журналистік мамандықты кәсіп етіп ғұмыр бойы осы салада тер төкті. Соңғы он жылында облыстық мемлекеттік архивінде жемісті еңбек етті. Тәжірибеде журналист осында архив сөресіндегі сарғайған тарих беттерінен бірнеше кітапты жарыққа шығарды. Онда Жамбыл өңірінің әр кезендердегі тыныс-тіршілігі, уақыт тынысы, замана лебі, жасампаз еңбек адамдарының өміршең тірліктері бейнеленді. Мақұлбек аға архив саласында еңбек етіп жүрген жас мамандарға өзінің бай өмір тәжірибесімен үнемі бөлісіп отыратын. Олардың білікті маман болып қалыптасуына ақыл-кеңесін аямайтын. Рухани байлықтарының мол болуын қалайтын.
Табиғаттың түрленіп, жер дүниені жаңартатын мамыражай мамыр айының қайталанбас осынау ғажайып сәтінде өмір есігін ашқан Мақұлбек ағаның өмір жыршысы болуының бір сыры да осында жатқан шығар…
Жатқан жеріңіз жайлы, рухыңыз пейіште шалқысын!

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған