МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ МЫҢ ТАҒЗЫМ!

Майдангерлерге құрмет – ұрпақ парызы. Олар бізге бүгінгі бейбіт заманды сыйлады. Отан қорғаудағы ерліктері өлшеусіз аға ұрпаққа деген тағзым толастамақ емес. Жеңістің 75 жылдығы аясында облыс архившілері елеулі тірліктер атқаруда. Облысымыздағы көзі тірі 57 майдангерлердің естеліктері, құжаттары, медальдары, куәліктері жинақталып, «Ерлік.кз» сайтындағы «Жеңіс сарбаздары» атты айдарға енгізілді.

«Ұлы Жеңіске 75 жыл-75 дерек» атты айдар ашылып облыс, аудан көлемінде соғыс тақырыбындағы 75 архивтік деректер енгізілді. Әлеуметтік желілерде соғыс тақырыбында материалдар, ардагерлердің ерлік жолын насихаттайтын видеороликтер көрсетілуде. Майдангерлер жайлы облыстық, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар топтамасы жарық көруде. ​

Кеңес Одағы Батыры атағына ұсынылған 8 жамбылдық майдангердің архив құжаттары негізінде «Ерлікке тағзым-елдіктің белгісі» және Жамбыл жеріне еріксіз жер аударылған поляктар жайлы «Қоныстанушылар» атты кітаптар баспада дайындалып жатыр.

Жас ғұмырын қан майданда өткізіп, туған жеріне оралмаған қаншама боздақтардың есімін, ерлік жолдарын облыс архившілері әлі де зерттеп, толықтырады. Ерлік-ұрпақ жадында мәңгі қалуы тиіс.

Облыс архившілерінің ​ «Мәңгі өлмес полк» атты видеоролигін тамашалаңыздар!