Кенен Әзірбаев 135 жыл

image_pdfimage_print

2019 жылғы 29 маусым күні Қордай ауданының мемлекеттік архивінің архив ісін дамытудың жоспары бойынша Кенен ауылында Кенен Әзірбаев әдеби-мемориялдық музейімен бірлесіп Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағдарламасына байланысты тілегей теңіз жыр тудырған халық ақыны, айтулы әнші, көрнекті композитор Кенен Әзірбаевтың туылғанына 135 жыл толу мерекесіне орай «Ғасырында бір келер – қазағымның бұлбұлы» атты салтанатты іс-шара өткізілді. Қордай аудандық К.Әзірбаев әдеби-мемориалдық музей алдында мерейтойға келген қонақтарды қарсы алу сәті.

Өлі разы болмай, тірі байымайды деген қазақ халқының сөзі бойынша Кенен Әзірбаев бейітіне құран бағыштау сәті.

Барлық тарихи құжаттардың ішінде жеке азаматтардың өмірбаяны мен қызметіне қатысты тарихи құжаттар құнды болып есептелінеді. Себебі, жеке адамның құжаттары арқылы біз сол заманның, сол уақыттың тынысын білеміз, танимыз, көз алдымызға елестетеміз. Сондықтан да архив қызметкерлерінің міндетінің бірі – жеке азаматтардың құжаттарын жинақтау. Бұл бағыттағы жұмыс әрқашан да жауапты болумен бірге мәртебелі. Бүгінгі өткізіліп жатқан іс-шара соның жалғасы десе де болады.Салтанатты жиын барысында Кенен музейінен Қордай аудандық мемлекеттік архивіне Кенен Әзірбаевтың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін құжаттар мәңгілік сақтауға өткізілді. Өткеннің ізі – тарих үшін де болашақ жас ұрпақ үшін де мол мұра. Сондықтанда қазыналы дүниелерді көздің қарашығындай сақтау аудандық архивтің басты міндеті.

«Ғасырында бір келер – қазағымның бұлбұлы» атты іс-шараға келген қонақтарды Кенен Әзірбаевтың әдеби-мемориалдық мұражайымен танысу, экскурсия, және Кенен атамыздың қызы Төрткен Кененқызы, Ақбілек Кененқызымен суретке түсу сәттері.

Осындай жүрегі жұз жыл жырлаған ақын Кенен Әзірбаевтың шығармашылығынан

Кенен ауылдық Мәдениет үйі мен Балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығының өнерпаздарының орындауында концерттік бағдарламасын тамашалау суреттері.

You may also like...