Кеңес Одағының Батыры атағын алған ең жас қазақ жауынгері

image_pdfimage_print

Кеңес Одағының Батыры атағын алған ең жас қазақ жауынгері Жәнібек Ахатұлы Елеуісовтың туғанына 95 жыл толды. Облыстық архивте соғыстан кейінгі санаулы ғұмырының біраз бөлігін Жамбыл қаласында тұрып өткізген, осында қайтпас сапарға аттанған Жәнібек Елеуісов жайлы мәліметтер жеткілікті.

Ж. Елеуісов 1925 жылы Ресейдің Таулы Алтай автономиялық облысының Усть-Канский ауданының Тұрата ауылында дүниеге келген. Соғыс кезінде 1 – Украин майданының 25 полкінің, 4 ротасында пулеметшілер бөлімшесінің командирі болған. 1943 жылы 22 қыркүйекте Днепр өзенінен өтуде көрсеткен ерлігі үшін СССР Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығымен 1943 жыл 16 қазанда Совет Одағының Батыры атағы берілген. 17 жасында өшпес ерлік жасаған Жәнібек соғыс аяқталғанша майданда ерлерше шайқасқан. 1964 жылдан өмірден қайтқан 1997 жыл аралығында Жамбыл облыстық ДАСАФ қоғамының басшы қызметінде болды.

Ленин, Қызыл Ту, Суворов ордені 6-шы гвардиялық дивизияның командирі, генерал-майор К.В. Иванов бірнеше рет Жамбыл жеріне келіп, Жәнібекпен қауышып өткен күндерді еске алған.

You may also like...