«Кеңесхан қажы» мешіті

image_pdfimage_print

2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының құрметіне орай қаламыздың орталығында бір мезетте мың адам намаз оқи алатын зәулім мешіт бой көтерген болатын. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының шешімен құлшылық үйіне «Кеңесхан қажының» аты берілді.

Кеңесхан Ақаев осы мешіттің іргесі қалана бастаған күннен ақ құрылыстың басында жүрді. Игі істің бастамашысы болған Кеңесхан ағамыз дүниеден өтіп кетсе де, ұрпақтары оның ісін аяғына дейін жеткізді. Өзі бастап кеткен иман ұясының толықтай біткен түрін көре алмады. Көне көз қариялардың айтуына қарағанда ол Тараз топырағынан бір мешіт тұрғызуды біраздан бері армандап жүрген. Тіпті, осы мешітті Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Тараз жұртшылығына сыйға тартпақшы болған екен. Бұл қуанышты Кеңесхан қажы өзі көре алмаса да, Тараз халқы көріп ұрпақтарына алғыс білдірді.

Мешіт бүгінгі таңда Тараз қаласының орталық мешіті болып табылады. Мешітте жұма және Айт намаздары, күнделікті бес уақыт намаз өтеліп, жастардың некесін қию, нәрестеге ат қою сынды діни рәсімдер орындалады.

Мешіт ғимаратына бас сұққан кісі құлшылық өтелетін негізгі залға кіріп келеді. Ғибадат үйінде әйелдер намазханасы және дәрісханалар жұмыс істейді. Оның бас қақпасы қасиетті Құран кітабын бейнелейді. Ал, онда Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) уахи етілген қасиетті кітаптың алғашқы аяттары «әл-Фатиха» мен «әл-Бақара» сүресінің 5 аяты жазылған. Құрылыс қабырғасында қазақтың ұлттық нақышы ою-өрнектер салынған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған