Кеңес Одағының Батыры Ерденбек Ниетқалиевтің ерлік жолы

image_pdfimage_print

1938 жылы желтоқсанда ол Қиыр Шығыстағы атты әскер мектебінде әскери қызметін өтеуге аттанып, 1940 жылы қараша айында оралады. 57- Қызыл жұлдызды Заамур атты әскерлер полкінің Мерейтойлық грамотасымен марапатталды. Әскери қызметін өтеп келгеннен кейін де қайтадан облыстық атқару комитетінде референт болып істеді. 1941 жылы облыстық зоотехникалық бөліміне аға зоотехник болып ауыстырылып, осы жылы мамыр айында Арал аудандық зоотехникалық бөлімінің бастығы болып тағайындалды. Осы жылдың қыркүйек айында жоғары коммунистік құрам ретінде атты әскер полкіне алынды. 1943 жылдың желтоқсанында кіші лейтенант қызметінде болып, 1944 жылы 3- атты әскер дивизионының аға лейтенанты болды. 1939 жылдан бастап, Кеңес Армиясының қатарында, 1940 жылы кіші лейтенанттар курсын бітіргеннен кейін, Ұлы Отан соғысына қатысады.

Ұлы Отан соғысының майдандарында көрсеткен ерлігі үшін Ерденбек Ниетқалиевтің омырауына бір жауынгерлік Қызыл Ту ордені, екі Қызыл Жұлдыз ордені, және Ерлігі үшін медаль тағылды. 1945 жылы 31 қаңтарда полк қоршауда қалған жау әрекетіне тойтарыс беруге жауынгерлік тапсырма алды. Ратценбург Германия қаласының оңтүстігінде қорғаныс шебін құрған полк екі СС дивизиясымен үлкен ұрыс бастады. Ерденбек Ниетқалиевтің эскадроны алдына дұшпанды Раценбург тас жолында беттетпеу міндеті қойылды. Көп артеллерия миномет, өздігінен жүретін зеңбіректермен күшейтілген жау әскерлері екі тәулік бойына шабуыл жасаумен болды. Бірақ Ерденбек басқарған эксадрон жаудың барлық атакаларын тойтарды. Ұрыс алаңында немістің екі жүз солдаты мен офицері жер құшты. Күшін жинаған жау қайтадан жаңадан шабуылға шықты. Бұл жолы ол қатары сиреген эксадронды қоршамақ болды. Ұрыс қайта басталды. Эксадрон әлсіреді. Оның командирі жараланды.

Бірақ Ерденбек жауынгерлер шебін тастамады, ұрысты басқара берді. Эксадронда оншақта адам ғана қалды. Ерденбек өзі пулемет тұтқасын ұстап, жау шебіне оқты қардай боратты. Ол екінші рет жараланды. Бұл ұрыста эксадрон жауынгерлері жаудың төрт жүздей солдаты мен офицерін қолға түсірді. 12/1-1945 жылы Ерлігі үшін медалімен екі рет, Қызыл жұлдыз орденімен, Қызыл белгі орденімен, марапатталды. 1941 жылдан 1942 жылға дейін 225 атты әскер полкі мен 57 атты әскер дивизионның құрамында Москваны қорғауда Москва қорғанысы үшін медалімен Бірінші дәрежелі Азамат соғысы орденімен марапатталды. 1945 жылы ақпанда Ерденбек Ниетқалиев қайтыс болды. Оған қайтыс болғаннан кейін 1945 жылдың 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Оның отбасы тұрған көшеге Кеңес Одағының Батыры Ерденбек Ниетқалиевтің есімі берілді.

ЖОМА. Қ.1110 Т.1 Б.2 П.1

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған